Дұғадағы мұсылманның міндеті

Аллаһ Тағала айтты:
     "Сендерге Пайғамбар не берсе қабыл алыңдар, ал неден тыйса, одан тыйылыңдар, әрі Аллаһ Тағаладан қорқыңдар, сөзсіз Аллаһ Тағаланың азабы қатты!"  ("Хашр" сүресі, 7 аят)
     Аллаһ Тағала өзінің елшісі Мұхаммедке (оған Аллаһтың рақымы мен есендігі болсын), Исламды үйретті. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың рақымы мен есендігі болсын), Аллаһтан алған аманатын үмметіне жеткізіп:
     "Сендердің міндеттерің Менің сүннетіме және Менен кейінгі әділетті халифалардың билік жолына еру. Соған тіс-тырнақтарыңмен жабысыңдар, өйткені әрбір бидғат адасу," - деді.  (Әт-Термизи, Әбу Дәуд)
     "Расында сендерден бұрынғыларды олардың көп сұрақ бергендері құртты, түбіне жетті. Сондықтан, мен сендерді бірдеңеден қайтарсам одан сақтаныңдар. Ал егер бұйырсам, бұйрығымнан шамаларың келгенін орындаңдар," - деп бұйырды.   (Бұхари, Мүслим).
     Демек мұсылманның міндеті - әрбір амалын Аллаһ Тағаланың әмірі мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Аллаһтың рақымы мен есендігі болсын), талабына сәйкес жүзеге асыру боп табылады.
     Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Аллаһтың рақымы мен есендігі болсын), үмметіне Аллаһ Тағалаға қалай дұға қылу мен амал етудің жолдарын үйретіп кеткен.

          Дұға қылудың шарттары
1. Дәретте болуы
2. Дұғаның Аллаһ Тағалаға мақтау, Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың рақымы мен есендігі болсын), салауат айтумен басталуы.
3. Тілекті үш қайтара айту.
4. Құбылаға бет қарату.
5. Екі қолды  иық  тұсына көтеріп, алақанын жаю.
6. Орташа дауыспен дұға ету.
7. Дұғаны Пайғамбарымызға салауат айтумен аяқтау.
8. Дұғада Аллаһ Тағаланың есімдері мен сипаттарын зікір ету.
9. Алдымен өзі үшін тілек ету.
10. Шын көңілмен тілеу.
11. Дұғада әдептілік шегінен шықпау.
12. Аят және хадисте көрсетілгендей дұға ету.
13. Аллаһтан қажетін жалықпай тілеу.
14. Тек басына күн туғанда ғана емес, былайғы уақытта да Аллаһты есінен шығармай дұға етіп жүру.
15. тек жақсылық тілеу.
                   
          Дұға қабыл болуының шарттары
1. Тілекте ықыласты болу.
2. Ішіп-жегені, киген киімі халалдан болу.
3. Дұға қабыл болмады деп асықпау.
4. Дұғада ширк амалы болмауы
Мысалы: "Құдайым оңдап, әруақ қолда!" - деп, өлген адамды жәрдемші ету - ширк болады. Шариғатбойынша бұл - харам!

          Дұғаның мәкрүһтері
•    Өлім тілеу.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Аллаһтың рақымы мен есендігі болсын), айтады:
     "Өлім тілемеңдер және көксемеңдер."  (Нәсәй)
     "Өз бастарыңа тек жақсылық тілеңдер! Себебі періштелер сендердің айтқандарыңа: "Әмин" - деп тұрады"(Мүслим)
•    Ұрпағын, мал-мүлкін лағынеттеу.
•    Дауысты қатты көтеру.
     "Біз Нәбимен (оған Аллаһтың рақымы мен есендігі болсын), бір сапарда болдық. Сонда сапарда адамадар қатты дауыспен тәкбір яғни, ("Аллаһу әкбар!") - деп айта бастап еді, Пайғамбар: "Әй, адамдар! Тым даустап қиналмаңдар. Сендер естімейтін немесе көрмей тұрған затқа дұға етіп жатқан жоқсыңдар. Сендер Естуші әрі әзір тұрған Аллаһ Тағалаға дұға етіп жатырсыңдар. Ол әр дайым сендермен бірге," - деді".   (Бұхари, Муслим)
•    Дұғаны өлең жолдарына айналдыру.
    
       Дұғасы қабыл кісілер
•    Үнемі Аллаһ Тағаланы ұмытпайтын кісінің дұғасы.
•    Мазлұм, яғни, жәбір көрген пенденің дұғасы
•    Әділ имамның немесе, әділ билеушінің дұғасы.
     "Үш адамның дұғасын Аллаһ Тағала қайтармайды: Аллаһты көп зікір етушінің, жәбірленген жанның және әділ имамның"   (Әл - Бәйһақи).
     "Кәпір болса да мазлұмның дұғасынан сақтаныңдар! Өйткені оның дұғасына бөгет жоқ"   (Ахмад).
•    Хазірет Жүністің, Алайһиссәлләм, дұғасымен дұға етушінің.
     Оның балық ішінде еткен дұғасы: "Иә, Аллаһ Тағала! Сенен басқа Тәңір жоқ! Сен кемшіліктен пәксің! Мен шынында өзіме зұлымдық етіп қойдым." Қай жағдайда болмасын мұсылман пенде бұл дұғамен тілек етсе Аллаһ оның дұғасын қабыл етеді.   (Әт-Термизи, Ахмад, Нәсәй, Хаким)
•    Кеңшілікте де, таршылықта да болушының.
     "Кімде-кім қиыншылық сәттерінде дұғасы қабыл болуын қаласа - кеңшілік кездерде Аллаһ Тағалаға көп дұға етсін!"   (Әт-Термизи, Хаким).
•    Ораза тұтушының.
•    Мүсәпірдің, яғни жолаушының.
     "Үш түрлі дұға қабыл: Ораза ұстаушының, жәбір шеккеннің және мүсәпірдің."   (Әл-Байһақи).
•    Атаның баласына тілеген тілегі.
     "Үш түрлі дұға қабыл, оған күмән жоқ. Ол: Мазлұмның (жәбір көрушінің), мүсәпірдің және ата-ананың баласына қылған дұғасы."   (Ибн Мәжә, Әбу Дәуд).
•    Мұсылманның мұсылманға дұғасы.
     "Бір мұсылман басқа мұсылман бауырына сырттай дұға қылса періштелер оған: "Сол нәрсе сағанда болсын!" - дейді".    (Мүслим)
•    Тақуалар мен ізгі адамдардың.
•    Ата-анасының хақысына дұға етуші ізгі ұрпақтың.
     "Расында Аллаһ Тағала (ізгі ұрпақтың дұғасыман) пенденің дәрежесін көтереді. Сонда пенде: "Бұл ненің себебәнен?" - деп сұрайды, Аллаһ Тағала: "Сенің ұрпақтарыңның дұғасы себепті", - деп жауап береді."   (Әл-Баззар)