Кіріспе

      "Мұсылман қорғаны" деп аталатын осы сайтты сіздерге ұсына отырып, Расулуллаһтың (оған Аллаһтың рақымы мен есендігі болсын), дұрыстығы үшін ешбір күмән тудырмайтын қасиетті дұғаларын пайдалануды Аллаһ тағала сіздер мен біздерге нәсіп етіп, әрі қорған , әрі шипа қылсын деп тілейміз. Пайғамбар сүннетін ұстану мұсылмандарды анық табысқа жеткізеді. Ал ойдан шығарған нәрселер жақсылыққа жеткізген емес.
      Әр түрлі наным-сенімге, ырым-жырымға бой алдырушылар бүгінгі күні арамызда аз емес, көп бауырларымыздың көкірек көзін ашып, білім көкжиектерін кеңейтсе иншаАллаһ Біздің мақсатымыздың орындалғаны.
      Дұға сөзінің мағынасы - өтіну дегенді, ал діни тұрғыдан алғанда Аллаһ Тағалаға дұға ету - Одан қажетін сұрау, жақсылықты үміт ету не жамандықты қайтару мақсатында медет тілеу деген мағыналарды білдіреді.
      Аллаһ Тағалаға дұға етудің мәнісі - пенденің Раббысына деген мұқтаждығын білдіруі, қажетін сұрау мақсатында Жаратушысына мінәжат етуі.
      Аллаһ Тағала баршамыздың дұғаларымызды қабыл қылсын. Әмин!